Елімізде теміржол тарифтері қымбаттамайды. Қазірдің өзінде біздегі тасымал құны өзгелермен салыстарғанда әлдеқайда төмен. Ресейден 3,5 есе, Украинадан 2 есе арзан.
Теңге бағамының өзгеруі де билет бағасына әсер етпейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Бұрынғы баға саясаты әуе рейстерінде де сақталады. Өзгеріс тек халықаралық әуе тасымалында болуы мүмкін.
Ермек Төлегенов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы:
Былтыр бiз Қазақстан және шетел мемлекеттері бойынша 20 миллион 450 мың жолаушы тасымалдадық. Сондықтан, бiз бүгiнгi жағдайға байланысты темiржол тарифтерiн қымбаттатпаймыз. Осы мәселенi халыққа жеткiзейiн деп едiк.
Ербол Оспанов, «Эйр Астана» компаниясының вице-президенті:
Әуе компаниясы халықаралық-ішкі рейстердің тарифін өсіруді әзірге жоспарлап отырған жоқ. Осы ретте айта кетейін, компания құрылғалы, яғни 2002 жылдан бері баға көтерілген жоқ. 2009 жылы теңге бағамының өзгеруі болғанда да, тарифті өсірмедік. Өсім тек халықаралық рейстерде болады. Оның өзі 7-10 пайыздан аспайды.
Досымжан ЕРМҰРАТ