Бюджет қаржысын қымқырам деп қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджет қаржысын қымқырам деп қолға түсті

11.02.2014
Бюджет қаржысын қымқырам деп қолға түсті
  Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қарашин, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға қол салған. Соның салдарынан мемлекетке 1 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.
 
Бұл ақша Жәнібек ауылын сумен қамтамасыз етуге арналған жабдыққа жұмсалуы тиіс болатын. Лауазым иесіне өз қызмет бабын асыра пайдалана отырып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде ұрлады деген айып тағылып отыр. 
 
Амантай Рашқалиев, облыстық Қаржы полициясы департаментінің басқарма бастығы:
Биылғы жылдың 8-ші ақпаны күні Қарашин, Жәнібек ауданы сотының санкциясымен екі ай мерзімге тұтқынға алынды. Бүгінгі күні қылмыстық іс тергелуде.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу