Жастарға пәтер кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға пәтер кілті табысталды

10.02.2014
Жастарға пәтер кілті табысталды
Қызылордада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 17 жасқа пәтер кілті табысталды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында баспаналы болған олардың қуанышында шек жоқ.
 
Көбі - отбасылы жандар. Мәселен,  балалар үйінде тәрбиеленген  Иларион Аданкин осыдан 10 жыл бұрын  өзі секілді жетім қызбен шаңырақ құрды. Қазір Иларион мен Сәуленің 3 баласы бар.
 
 Басында баспанасы жоқ отбасы  ұзақ жылдар бойы үйден-үйге көшіп, әбден қиналған еді. Бүгінде отбасы 3 бөлмелі пәтердің кілтін алды.
 
Иларион Аданкин, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Бұл өмірде расында да ғажайып сәттер болады екен. Бала-шағамызбен келіп тұрмыз бүгін. Қуаныштымыз, үлкен рахмет.  
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу