Ұлттық құндылықтар орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құндылықтар орталығы ашылды

08.02.2014
Ұлттық құндылықтар орталығы ашылды
Астанада «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы ашылды. Өз уақытын, күші мен білімін пайдалана отырып, отбасылық құндылықтарды жаңғырту мен насихаттау ісіне үлесін қосуға ниетті азаматтардың қоғамдық ұйымы болмақ. Халқымыздың ұлттық-мәдени мұрасы мен дәстүрлі құндылықтарды  дамытуда орталықтың маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.
 
Тұсаукесер бағдарламасында «Ұлы дала арулары», «Әйел болу да өнер» атты сән топтамасы таныстырылды. Сондай-ақ қазақтың «Қыз ұзату, келін түсіру» дәстүрлерінен үзінді көрсетілді.
 
Камал Әлпейісова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның консультанты:
Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жанынан осы орталықты құрып, біз өзіміздің ұрпағымыздың өздерінің түбірін, тамырын ұмытпасын, салт-дәстүрімізді білсін, оның озық-өнегесін үйренсін, бойына сіңірсін деген мақсатпен осы орталықты құрдық.

Хабарламаларға жазылу