Ақтөбеде оқушы қызды өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде оқушы қызды өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

06.02.2014
Ақтөбеде оқушы қызды өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбеде оқушы қызды айуандықпен өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Сергей Наумцев енді өмір бойы жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.
 
Ал оның көңілдесі Виктория Савич 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар 5 ай бұрын 15 жастағы Гүлдира Сәкенованы зорлап, буындырып өлтірген.
Сергей кінәсін мойындамай, алқа билердің қарауына жүгінген болатын. Іспен танысқан олар 22 жастағы күдіктіні өмір бойы жазасын түрмеде өтеуі қажет, деп шешті.
 
Талғат Құлтазин, Г. Сәкенованың ағасы:
Әділ шешім шығарылды деп ойлаймын. Бірақ, не дегенмен, біз Гүлдираны енді ортамызға қайтара алмаймыз. Қылмыс жасаған екеуі әлі қандай ауыр күнә жасағандарын түсінбей отыр, бір-біріне жымиып. Темір торда қателіктерін түсінер. Бастысы рақымшылық жасалмауы қажет.

Хабарламаларға жазылу