Әскери патриоттық тәрбие беру орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери патриоттық тәрбие беру орталығы ашылды

06.02.2014
Әскери патриоттық тәрбие беру орталығы ашылды
Бүгін Алматыда жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, әскери тәртіпке үйрету жөніндегі құжатқа қол қойылды. Қорғаныс министрлігі мен жергілікті билік арасындағы Меморандумда Елбасы Жолдауда жүктеген міндеттерді толығымен жүзеге асыру қарастырылған.
 
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, отансүйгіштікке баулитын  алқашқы қадам балабақшадан басталмақ. Әрі қарай мектептер мен жоғары оқу орындарында жалғасады. Қазіргі уақытта   алғашқы әскери дайындық сабақтарын өткізетін мұғалімдердің  мәртебесін көтеру ұсынылды. 
 
Ұстаздар қауымын   әскери қызметтегі офицерлер толықтыратын болады. Маңызды құжатқа сай бүгін  әскери патриоттық тәрбие беру  орталығы ашылды. Оқуға ниет білдірген 90 азаматтың өтініші қабылданды.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу