Әйелді азаптап өлтіргендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелді азаптап өлтіргендер ұсталды

06.02.2014
Әйелді азаптап өлтіргендер ұсталды
Орал қаласында қанды қылмыстың беті ашылды. Осыдан екі апта бұрын шаһардың Шаған жағалауы көшесі бойындағы тоғай ішінен жас әйелдің өлі денесі табылған еді.
 
Сараптама барысы оның өз ажалынан өлмегенін көрсетті. Жедел іздестіру шарасы қолға алынып, көп ұзамай күдікті екі адам ұсталды. Тергеу кезінде олар өздеріне тағылған айыпты мойындап, жасаған қылмыстары туралы айтып берді.
 
Олардың бірі 31 жастағы келіншекпен танысып, оны үйіне қонаққа шақырған. Кейін жыныстық қатынасқа барудан бас тартқан әйелді ұрып-соғып, зорлаған. Бұл аздай жақын досын шақырып алып, тағы да арам пиғылдарын екеулеп іске асырған. Содан соң әйелді сол маңдағы тоғайға апарып, азаптап өлтірген.
 
Асылай Ғұбашева, БҚО ІІБ баспасөз қызметкері:
1994 жылы туған екі азамат анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олар Орал қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 103-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу