Бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаменті мамандары болашақ тәртіп сақшыларымен кездесті. Жиынға колледж студенттерімен қатар ІІМ Қарағанды академиясының оқытушылары мен қалалық Білім басқармасының өкілдері қатысты.
Мақсат - осы салада қызмет етемін, деп ниет танытқан жас өрендерді мамандықтың қыр-сырымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жас оқушыларды арнайы жаттығу жұмыстарымен және үйретілген иттердің қалай жұмыс істейтінімен таныстырды.
Светлана Бекмұхамедова, қалалық Ішкі істер департаменті кадр бөлімінің аға инспекторы:
Өткен жылы біздің оқу орындарына түсуге 158 оқушы ниет білдірді. Бірақ, оның 28-і ғана оқу орындарына жолдама алды. Ал,биыл ниет білдерушілердің саны 255-ке дейін жетіп отыр.