Семейде «Кедергісіз театр» жобасы жүзеге асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Кедергісіз театр» жобасы жүзеге асты

06.02.2014
Семейде «Кедергісіз театр» жобасы жүзеге асты
Семейдегі Абай атындағы театр ұжымы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Кедергісіз театр» жобасын жүзеге асырды. Бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жандардың театрға келуіне барлық жағдай жасауды көздейді.
 
Жоба көмегімен сахналанған әрбір қойылымды құлағы нашар еститіндер де көруге мүмкіндік алды. Бұдан былай арнайы экрандарда аудармашы спектакльдердің сурдоаудармасын жасап отырады. Бұл есту қабілеті нашар адамдардың  еш бөгетсіз әртістердің өнерін тамашалауына мүмкіндік туғызады.
 
Жоба шеңберінде өздігінен жүріп-тұра алмайтындардың да мәдени мекемеге келуі жеңілдеді. Ондай адамдарға арнайы жиналмалы пандустар орнатылды. Енді  мүгедек жандар үшін қаладағы мұражайлар, кинотеатрлар мен қызмет көрсету орталықтарында  да  осындай жеңілдіктер жасалмақ.
 
Әйткен Әубәкірова, Құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат директорының орынбасары:
Мұнда театрдың әкімшілігі спектаклдің  мазмұнын дұрыс түсінуге жағдай жасаған. Нашар еститін азаматтар  құлаққапты киіп, аудармасын естісе, естімейтін азаматтар үшін сурдоаударма бар.
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу