Монополистерді бақылау күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Монополистерді бақылау күшейтілді

03.02.2014

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі монополистерді бақылауды күшейтті. Өткен жылы тұтынушылардың құқын бұзуға жол бермеу мақсатында мыңнан астам нұсқау енгізілген. Нәтижесінде тұтынушылардың 2,8 миллиард теңге залалы өтелді. Ал әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 3,3 миллиард теңгеге жетті.
 
 Сондай-ақ, агенттік Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жылу желілерін жаңартудың жоспарын әзірлеуде. Егер осы кешенді жоспар іске асса, 2020 жылға дейін тозған желі 15 пайызға, ал жалпы шығын 4 пайызға азаймақ. Ал, энергия көздерін тұтыну 30 пайызға төмендейтін болады.
 
 Қазіргі күні электр энергиясы нарығындағы делдалдардың жұмысы толығымен тоқтатылған.Соңғы екі жылда дұрыс есептемеудің салдарынан халық қалтасынан қағылған 498 миллион теңге кері қайтарылды.
 
Мұрат Оспанов, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы:
Агенттік қызметінің басты мақсаты - тұтынушылардың мүддесін қорғау. Сондықтан біз агентіктің ресми сайтына «тұтынушы калькуляторын» орнаттық. Бұл жерде кез келген жан коммуналдық қызмет үшін төлеген төлемінің дұрыс-бұрыстығын санаулы минутта тексере алады.
 
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу