Діни бірлестіктердің саны 32 пайызға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни бірлестіктердің саны 32 пайызға азайған

03.02.2014
Діни бірлестіктердің саны 32 пайызға азайған

Былтыр елімізде өзге дінге үгіттеуші 199 адам әкiмшiлiк жазаға тартылды. Олар діни қызметтерін еш рұқсатсыз жасаған. 2013 жылы отандық мыңнан астам интернет-ресурсқа талдау-сараптау жасалып, жүзге жуық сайт экстремистік деп танылып, сот шешімімен жабылды.
 
 Діни бірлестіктердің саны 32 пайызға азайды. Бүгін Дін істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында осындай мәліметтер айтылды. Жиында діни ахуалды тұрақты ұстап отыру үшін агенттікт тарапынан қандай шаруалар атқарылғаны сөз болды. Сондай-ақ, 2014 жылға қойылған міндеттері белгіленді.
 
Марат Әзілханов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы:
Қазіргі кезде діни ахуалды тұрақты деп бағалауға болады. Мемлекеттік 2013 жылы жүргiзiлген сауалнама бойынша қазақстандықтардың 90 пайызға жуығы елiмiздегi дiни ахуалды тұрақты деп есептейдi. Ал азаматтардың 86 пайызы дiнаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты қолдайтынын бiлдiрдi.
 
 
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу