Әлеуеті артқан өңір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуеті артқан өңір

01.02.2014
Әлеуеті артқан өңір

Ел экономикасының әлеуетін арттыруда өңірлер көш бастап тұр. Алматы облысына қарасты Талғар ауданы «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген межені орындады.
 
 Нәтижесінде мемлекет қазынасына құйған салық 10 миллиард 820 миллион теңгені құраған. Әсіресе, ауылшаруашылығының көрсеткіші басым. Соны технологиялардың негізінде аграрлық секторда мол өнім алынды.
 
 Өткен жылмен салыстырғанда, барлық дәнді дақылдар түсімі биыл 576 тоннаға артық жиналды. Бұл аудан әкімінің халыққа берген есебінде айтылды.
 
Қазір жергілікті билік қай салада болмасын Елбасы жүктеген нақты бағыттарға сүйеніп жұмыс істемек. Шағын және орта бизнесті дамытып, инвесторларды тартуды көздеп отыр.
 
Райхан Садықова, Алматы облысы Талғар ауданының әкімі:
Елбасы Жолдауында көп мәселелер әлеуметтік салаларға бөлінген. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға. Осы мақсатта біз жұмысты бастадық. Біз кәсіпкерлермен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс жасап жатырмыз және тұрмыстық жағдайын жөндеуге атсалысудамыз.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу