Астана оқушыларының сабаққа бармағанына бірнеше күн болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана оқушыларының сабаққа бармағанына бірнеше күн болды

31.01.2014
Астана оқушыларының сабаққа бармағанына бірнеше күн болды

Сарыарқаның сарышұнақ аязы басылмай тұр. Дәл қазір Елордада ауа температурасы минус 30 грудусты көрсетіп тұр. Синоптиктердің болжауынша Астананың аязы ақпанның алғашқы аптасында да жалғасады.

 
Бұл күндері ауа температурасы түнде -30-35, күндіз - 23-30 градусқа дейін төмендейді. Айта кетейік, бірнеше күннен бері қатты аяз салдарынан елордалық мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылды.
 
Келер аптада тек Астанада емес, еліміздің бірнеше облысында да ауа райының тұрақсыздығы сақталады. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел күшейеді.
 
Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күн күрт суытады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде аяз күшіне мінеді. 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу