Елбасы Халыққа жолдауында, елді индустрияландыруды тездету, ғылымға дұрыс көңіл бөлу, жақын аралықта Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына кіргізу секілді ұлы мұраттарды тізбелеп айтып шықты.
Стратегиялық маңызды міндеттерді орындауға кедергі қашанда жемқорлық, сыбайластық. Партияның міндеті - осы бір індетпен күрес. Осы жолда партия бірнеше заңның түзілуіне мұрындық болып, талай іс шара өткізіпті. Бұл қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовтің пікірі.
Оралбай Әбдікәрімов, қоғам қайраткері:
Біздің мынау қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс істеу керек. Соған байланысты бір топ азамат, ұлттық қозғалыс құрып жатыр. «Жаңару» деп аталады. Біз алда, оны журналистерді жинап, жариялайтын боламыз. Халықпен бірлесіп жұмыс істемесе болмайды.
Нұрбек БЕКБАУ