Қазақ тілі - мәңгілік тіл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілі - мәңгілік тіл

28.01.2014
Қазақ тілі - мәңгілік тіл
Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. Бұл ешкім өзгерте алмайтын ақиқат. Елбасы биылғы Жолдауында осыны қадай айтты. Көштің жүре түзелгені болар, қазір мемлекеттік органдар қазақша сөйлей бастады.
 
«Нұр Отан» бас болып, төл тілімізді төрге оздыру мақсатында жер-жерде келелі жиын өткізіп жатыр. Әсіресе, Жолдаудан кейінгі жұмыс жанданып келеді. Соның бірін партияның «Бірлік» филиалы өткізді.
 
Дөңгелек үстелдің тақырыбы - «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік мекемелердегі қолданыс аясы» деп аталды. Оған партия мүшелері мен тіл мамандары қатысып, ойларын ортаға салды.
 
Ләззат Сүлейменова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Осыдан бес жыл бұрын қазақ тілін білмесем де, мемлекеттік қызметте өсем деп ойлайтын адамдар қазір қайта ойланып келе жатыр. Қазір мемлекеттік тілді білмесең, өсу жоқ. Оны А корпусына өткендер жақсы біледі. Ең бастысы жастарда ұмтылыс бар. Тілдің ахуалы жақсарып келеді. Мен мұны өз тәжірибемнен айтып отырмын.
 
 
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу