Қаржы полициясының жедел іздестіру шараларынан соң төрт жыл бойы бой тасалап жүрген күдікті Берік Сейілжанов қолға түсті.
Ол Ақмола облысы, Есіл ауданындағы жанармай қоймасының басшысы болып жүріп, қызметін асыра пайдаланған. Яғни, 251 тонна жанармай және 3 тонна дизель майын сатып, 18 миллион теңгені қалтаға басқан. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жалпы, Ақмола облысы бойынша қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген 10 адам іздеуде жүр.
Қуат Мұхамеджанов, Ақмола облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Сейілжанов Қазқстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 3-бөлігі бойынша ұсталып, Семей қаласының Ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ