Ақмола облысында боран мен аяздан 4 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында боран мен аяздан 4 адам қайтыс болды

23.01.2014
Ақмола облысында боран мен аяздан 4 адам қайтыс болды
Ақмола облысында қатты боран мен аяздың салдарынан төрт адам қайтыс болды. Астрахан ауданы Заречное ауылынан екі шақырым жерде  62 жастағы әйел үсіп қалған. Қазір оның кім екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
 
Көкшетау қаласындағы вокзалдың маңайында тұрақты мекен жайы жоқ кезбенің мәйіті табылды. Ол осындағы темір гараждардың арасындағы қуыста қатып қалған.
 
Шортанды ауданы Петровка елді мекенінің тұрғыны осы айдың жиырмасы күні жоғалып кеткен болатын. Араға екі күн салып, оның мәйіті   үйілген мая шөптің қасынан табылған.
 
Атбасар ауданының Родионовка елді мекенінің 1960 жылы туған тұрғыны көрші ауылдағы апасының үйіне бара жатқан жерде, боранда адасып, үсік шалып, қайтыс болды.
 
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу