Жаңаөзен қаласында тұңғыш рет ішкі әскерлердің бөлімі ашылды. 55/48 әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеу үшін Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарынан 100-ден астам сарбаз келді. Олар бір жыл бойы мұнайшылар қаласының ішкі тәртібін сақтау жолында аянбай тер төгетін болады.
Салтанатты шара барысында жас сарбаздар әскери ант қабылдады. Балаларының жауапты сәтіне куә болу үшін ата-аналар ат арылтып алыстан келді.
Нұржан Бекжанұлы, 55/48 әскери бөлімінің сарбазы:
55/48 әскери бөліміне келіп тұрмыз. Антымызды, сертімізді бердік. Енді абыроймен қызмет көрсетуге дайынбыз.
Саламат Сүлейменов, 55/48 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
Ішкі әскер әр қалада болуы тиіс. Бұл жерде патрульдік қызмет бар, Біз ІІД-ге көмек ретінде ішкі әскерлер қызметін атқарамыз.
Жазира ӘБІЛ