Қызылордаға табиғи газбен жүретін автобустар әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордаға табиғи газбен жүретін автобустар әкелінді

14.01.2014
Қызылордаға табиғи газбен жүретін автобустар әкелінді

Ақпан айынан бастап Қызылорда қаласының тұрғындарына жаңа қоғамдық көліктер қызмет көрсетеді. Табиғи газбен жүретін автобустың қоршаған ортаға келтірер зияны аз. Экономикалық тұрғыдан да тиімді.  

 
Автобустың ішіне 3 бейнебақылау камерасы қойылған. Сол арқылы қалта ұрлығының алдын алуға болады дейді мамандар. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы баспалдақ қарастырылған.  
 
Айта кетейік, өңірде осы уақытқа дейін жолаушы тасымалдау мәселесі күрделі күйде болды. Сондықтан да діттеген жеріне жете алмай қиналған жұртшылық үшін облысқа жаңа автобустардың келуі үлкен жаңалық.
 
Мұрат Нұғманов, Қызылорда автобус паркінің директоры:  
Қазір осы автобустарға жүргізушілер мен  кондукторларды дайындап жатырмыз. 40 жүргізуші, 40 кондуктор бар. Бізге 100-150 автобус кезең-кезеңімен келеді.
 
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу