8 адам көмірқышқыл газынан уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 адам көмірқышқыл газынан уланды

10.01.2014
8 адам көмірқышқыл газынан уланды
Жамбыл облысында 8 адам жылыту пешінен шыққан түтінге уланып қалды. Оның екеуі әлі бесіктен белі шыға қоймаған сәбилер. Бір тәуірі, барлығы да аман. Жедел медициналық көмектен соң үйлеріне жіберілді.
 
Бір күнде болған 4 оқиғаның үшеуінде тұрғындардың түтінге тұншығуына көмірмен жағылатын пеш себепші болған. Ал біреуінде мекеме күзетшісі газ плитасынан шыққан улы газдан есінен танып қалған.
 
Жалпы, қыс түскелі өңірде осындай 25 оқиға болыпты. Оның салдарынан 59 адам зардап шегіп, тағы бесеуі қаза тапты. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мұндай жайттардың жиілеп кетуі тұрғындардың жылыту құралдарын дер шағында бақылаудан өткізбеуі және қауіпсіздік шараларына немқұрайды қарауынан деп отыр.
 
Омар Такеев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:
Жеке тұрғын үйлерді тексере алмаймыз. Өрт қауіпсіздігі айлығы кезінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Оқиғалардың барлығы жылыту пештерінің техникалық ақауынан болып отыр.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу