Балабақшадан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақшадан өрт шықты

10.01.2014
Балабақшадан өрт шықты

Ақтау қаласында балабақшадан өрт шықты. Апат 11-ші шағын ауданда орналасқан №24 мектепке дейінгі гимназияның екінші қабатында жалын тұтанудан болған. Тілсіз жау 3 шаршы метр аумақты шарпыды.

 
Абырой болғанда, балалар ғимаратта болмаған. Тек ойыншықтар, көрпе-кілемдер жанып кеткен. Төтеншеліктер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап үлгерді.
 
Оқиға орнына 6 техника, жеке құрамнан 30 қызметкер жұмылдырылды. Балабақша қоршауға алынып, 5 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылған.
 
Татьяна Воронина, облыстық ТЖД өртке қарсы анықтау бөлімінің басшысы:
Өрттің шығу себебі ғимаратта өрт қауіпсіздігі талаптары қатаң түрде сақталмағандықтан болып отыр. Тексеріс нәтижесінде жылытқыш құралдарды ереже бойынша қолданылмауынан өрт тұтанған.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу