Жобаның негізгі мақсаты - оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, отансүйгішттіке тәрбиелеп, ұлт салт-дәстүрін құрметтеу. Ауыл балаларынан құралған топ осы бағытта қарқынды жұмыс істеді.
Драма театрлардан түрлі қойылымдарды тамашалап, суреттер байқауын өткізді. Психологиялық тренингтерге қатысып, Алматыдағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиеті мектебінде әдеби қарымдарын сынады. Әсерлерін шығармаға түсірді.
Осылайша, демалыс кезінде эстетикалық ой-өрістерін кеңейткен оқушыларға «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұжымы арнайы сертификаттар тапсырды.
Алтынгүл Мадинова, 8-сынып оқушысы:
«Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұжымына алғысым шексіз. Келешекте елімнің өсіп-өніп гүлденуіне үлес қосқым келеді.
Роза Сексенова, Абай атындағы республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаты директорының орынбасары:
Тәжірибелі мұғалімдер осы мектепте семинар өткізді. Кейін кітап шығарып, республика мұғалімдеріне таратамыз. Білімнің бастауы - мектеп. Мақсатымыз балалардың білім сапасын жетілдіріп беру.
Айгүл ЕРМАХАН