Көкпардың соңы атысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкпардың соңы атысқа ұласты

08.01.2014
Көкпардың соңы атысқа ұласты

Оңтүстік Қазақстан облысында көкпардың соңы кісі өлімімен аяқталды. Қанды оқиға Түлкібас ауданында болған. Белгілі болғандай, аламан барысында екі ойыншы арасында ерегіс туып, бірі екіншісіне оқ атқан.

 
Жарақат алған 1987 жылы туған шабандоз ауруханаға жетпей жедел-жәрдем көлігінде қайтыс болды. Оқиғадан соң, бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Салтанат Қаракөзова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
Қазіргі таңда айғақты зат ретінде одан «Макаров» тапаншасы және «Сайга» мылтығы алынып отыр. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу