Сыр өңірінде техникалық, мұнай және газ саласы мамандықтарынан басқа, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі жұмыстарына қатысты кадрларға сұраныс жоғары.
Осыған орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жаңа мамандықтар ашуда. Бұл жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру арқылы алыс-жақын шетелдердегі жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен әріптестік қатынасты одан әрі нығайтуға болады.
Абайбек Жүнісов, Қорқыт ата атындағы ҚМУ бірінші проректоры:
Біз қазір өзіміз Меморандумға қол қойған әріптес жоғары оқу орындарымыз бар. Яғни, Қаныш Сәтпаев атындағы университет, Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиация институтының филиалы, сонымен қатар, Мәскеу қаласындағы жоғары оқу орны бар тағы, осы оқу орнымен біз келісімшарт меморандумымыз бар. Алдағы уақытта тығыз әріптестік байланыс жасаймыз, деп отырмыз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ