Енді еңбек мигранттары да салық төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді еңбек мигранттары да салық төлейді

08.01.2014
Енді еңбек мигранттары да салық төлейді

Қазақ - бауырмал ел. Бірақ, Отан қауіпсіздігі үшін жүйелі заңдар қабылданып жатыр. Соның бірі Қазақстанда жұмыс істеп, нәпақа тапқысы келетін шетел азаматтарына қатысты.

 
Сиясы кеппеген жаңа заң бойынша, 1 ақпаннан бастап ТМД елдерінен келетін еңбек мигранттары да салық төлейді. Айына 3704 теңге. Яғни, шетелдіктер жұмыс іздеп келсе, алдымен қалалық Көші-қон полициясына тіркеледі.
 
Рұқсат 1 айдан 3 ай аралығында беріледі. Мерзім аяқталған соң, олар қайта тіркеуден өтуі керек. Бұған еңбек мигранттарын Қазақстанға тартқан жеке тұлғалар тікелей жауапты.
 
Мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда онда жұмыс беруші заң алдында жауап береді. 55560 теңге көлемінде айыппұл төлейді, егер заңбұзушылық қайталанса, бұл көрсеткіш еселеніп, 92600 теңгеге жетеді.
 
Айта өтейік, мұндай заң шетел азаматтарының біздің елде заңды жұмыс істеуіне, көлеңкелі экономикаға тұсау салуға, онан бұрын ішкі тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді. Мәселен, өткен жылы тек Астананың өзінде шетелдіктер жасаған 8000-ға жуық тәртіпбұзушылық фактісі тіркелген.
 
Илхам Бадалов, еңбек мигранты /Өзбекстан/:
Жұмыспен келдім, ағайындарым істейді осында. Қазір құжат жасайын деп жүрмін. Бәрі заң аясында. Мен СТО-да жұмыс істеймін.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу