Бүгін түнгі сағат 2 жарым шамасында Астана қаласындағы «Демалыс» моншасынан өрт шықты. ТЖМ-ның хабарлауынша, Қ.Сәтбаев көшесіндегі 17 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөле қабатында орналасқан моншадағы өрт 1 сағатта ауыздықталды.
Оған министрліктің 1 техникасы мен 3 қызметкері, Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 техникасы мен жеке құрамының 40 адамы жұмылдырылған. Тілсіз жау 10 шаршы метр жерді шарпыған. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ.
Аягөз Фазылова, Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Өрт 3 сағат 51 минутта толығымен сөндірілді. Екінші подьезден, өрт орнынан 120 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, шығарылды, оның 15-і балалар. Қазіргі кезде өрт орнында Астана қаласы ТЖД анықтау қызметі өрт себебін және залал көлемін анықтауда.
Айдана ҮСЕНБАЙ