Қазақстан жалақы мөлшері жоғары мемлекеттер қатарында

02.01.2014
Қазақстан жалақы мөлшері жоғары мемлекеттер қатарында
 
ТМД елдері арасында жалақы көлемі бойынша алдыңғы орында Ресей ($922), екінші орында Қазақстан ($689) болса, үшінші орынға Беларусь ($575) жайғасқан, деп хабарлайды NewTimes.kz.
 
Одан кейінгі орындарда Әзірбайжан ($545), Украина ($399), Армения ($373) және Молдова ($290).
 
ТМД елдері арасында Қырғыз Республикасы соңынан санағанда екінші орында. Бұл мемлекетте орташа жалақы мөлшері 11 374 сомды ($231) құрайды. Ал көш соңында Тәжікстан ($158).
 
Бұл ақпаратты ТМД Халықаралық статистика комитеті келтіріп отыр.

Хабарламаларға жазылу