Қазақстан спортының дамуына елеулі үлес қосқандар марапатталды. Спорт күніне арналған салтанатты шарада республикамыздың әр өңірінен жиналған мамандарға министрдің Құрмет грамотасы, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі табысталды.
Дене шынықтыру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдай, жас әрі дарынды спортшыларға қолдау көрсету мәселелері көтеріліп, алдағы жұмыстың жоспары жасалды.
Серік Сәпиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:
Мемлекет спортқа баса назар аударып жатыр. Елімізде спорт ғимараттары салынып жатыр. Спорт мектептері ашылып жатыр. Барлық жағдай жасалуда.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ