Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы - 2019» турнирінің жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы - 2019» турнирінің жеңімпазы

08.06.2019
Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы - 2019» турнирінің жеңімпазы

Айбек Нұғымаров финалдық белдесуде Ерасыл Қажыбаевтан басым түсті. Қос балуан ақтық кезеңге дейін қарсылас шақ келтірмеді. 

Жартылай финалда Айбек осы турнирдің фавориттерінің бірі Руслан Әбдіразақовты жеңсе, Ерасыл Қажыбаев елордалық балуан Айбат Сейтеннен басым түсті. 

Осылайша, турнир жеңімпазы Айбек Нұғымаровқа 25 миллион теңге мен алтын белбеу және алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етілді. Ал екінші орын иегері Ерасыл Қажыбаевқа 5 миллион 500 мың теңге мен күміс белбеу бұйырса, үшінші орын алған Руслан Әбдіразақов 1 миллион 800 мың теңге мен қола белбеуге ие болды.

Еске сала кетейік, Айбек Нұғымаров бұған дейін «Қазақстан барысы - 2013» турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

Хабарламаларға жазылу