«Қазақстан барысын» Qazaqstan және QAZSPORT арнасымен бірге анықтайық! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысын» Qazaqstan және QAZSPORT арнасымен бірге анықтайық!

03.06.2019
«Қазақстан барысын» Qazaqstan және QAZSPORT арнасымен бірге анықтайық!

8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы «Барыс-арена» мұз айдынында ҚР тұңғыш Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирін Qazaqstan және QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.

Жарыс күні сағат 13:00-де жеребе тарту рәсімі өтіп, сондай-ақ концерттік бағдарлама мен тамаша шоу ұйымдастырылмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 палуан белдеседі. Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі.

ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.

Елордада өтетін аламанды Qazaqstan және QAZSPORT телеарналарынан 8 маусым күні сағат 12:55-тен бастап көре аласыздар. «Қазақстан барысын» бірге анықтайық!

Хабарламаларға жазылу