БАҚ өкілдері арасында боулингтен жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдері арасында боулингтен жарыс өтті

27.03.2019

Алматыда халықаралық «Түркістан» газетінің 25 жылдығына орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында боулингтен жарыс өтті. Боулингті спортшылар мергендікке үйрететін осы заманға сай асықтың бір түрі деп жүр. Сондықтан бұған қазір қызығушылардың қатары қалыңдап келеді.

«Ойын, біріншіден, қимыл-қозғалысты жақсартып, салауатты өмір салтын ұстануға пайдалы болса, екіншіден, журналистер арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыруға сеп болады», - дейді ұйымдастарушылар.

Ал, 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шыға бастаған халықаралық «Түркістан» газеті қазір әлемнің әр қиырындағы қазақтар іздеп жүріп оқитын басылымға айналды. Себебі газет тілшілері көтеретін тақырыптардың ауқымы кең.

Қуат Әуесбай, халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы:

- Бүгінгі іс-шара «Түркістан» газетінің 25 жылдығына арналып отыр. Соның құрметіне, Ұлыстың ұлы күні қарсанында осы қазақ журналистерінің басын қосып, осындай бір үлкен шараны ұйымдастырып отырмыз .

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу