Тайландта жастар арасында өткен муай-тай жекпе-жегінен Сағынбек Хасанов Әлем чемпионы атанды. Ол - атыраулық «Қамал» спорт клубының шәкірті. Байрақты бәсекеге қатысқан 8 спортшының 2-уі күміс, 5-уі қола жүлдеге ие болды.
Сағынбек Хасановтан бөлек, Хамза Ғазиз бен Шыңғыс Елеубаев қола жүлдені қанжығасына байлады. Паттая қаласында жеңіспен оралған спортшыларды жерлестері Атырау халықаралық әуежайынан қарсы алды.
Сағынбек Хасанов, муай-тай спортынан әлем чемпионы:
- Жарыс жоғары дейгейде өтті. Қарсыластарымыз осал болған жоқ.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ