5 спортшымыз Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 спортшымыз Әлем чемпионы атанды

14.03.2019

Ауыр атлеткадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатына қатысып жатқан отандық 5 спортшының бесеуі де алтын медаль жеңіп алды. Лас-Вегаста өтіп жатқан жарыстың алғашқы күні 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмолда Сайрамкез, Екінші күні Сайхан Тайсуев алтыннан алқа тағынды. Сонымен қатар ол өз жасында әлем рекордын жаңартты. Чемпионаттың үшінші күні Сәпи Есенгелді 81 келіге дейінгі спортшылардың ішінен алдына жан салмады. Ал бүгін Ольга Патухова мен Рахат Бекболат жеңіс тұғырына шықты. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу