Алматыда каратэ киокушинкайдан балалар арасында турнир өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен келген 650 үміткер қатысты. 4 пен 17 жас аралығындағы спортшылар бабы мен білек күшін көрсетіп, бәсекелестерімен бақ сынасты. Жарыста қарсыластарын ойсырата жеңіп, жүлделі болғандар аймақтық, қалалық командалардың құрамасына қабылданады. «Қазір каратэнің осы түріне қызығушылық танытқан жас жеткіншектер күн сайын көбеюде», - дейді ұйымдастырушылар.
Азамат Манапов, Каратэ киокушинкайдан Алматы филиалының директоры:
- Бұл жасөспірім балаларға арналған. Өйткені, олар үлкен балалармен шығатын болса, ұтылып қалады. Ал, бұл жердегі қатысушылар ақ, сары белдік иелері.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.