Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша қос қазақстандық палуан Айбек Нұғымаров пен Ерсұлтан Мұзаппаров қарсылас шақ келтірмей, финалда жолықты
Финалға дейін Айбек Нұғымаров камерундық Диеудонне Долассем, литвалық Эрик Бизунович, өзбекстандық Мухсин Хисомиддинов және грузиялық Гурам Тушишвилитен айласын асырса, Ерсұлтан Мұзаппаров алғашқы айналымда норвегиялық Маркус Леонардсен, ирандық Джафар Пахлеваниагарг, тәжікстандық Дадахон Курбаналиев және ресейлік Роман Бобиковтан басым түсті.
Сондай-ақ, жарыста бақ сынаған Руслан Әбдіразақов алғашқы айналымда сүрінді. Ал, Айбат Сейтен мен Нұрдәулет Жарылғапов жарысты кейінгі кезеңдерде аяқтады.
Үшінші орын үшін белдесу Гурам Тушишвили (Грузия) мен Роман Бобиков (Ресей) арасында өтуі тиіс болған. Тушашвили қазақ күресінің ережесін бұзып, кілемге себепсіз шықпағаны үшін жеңіс қарсыласына бұйырды. «Әлем барысы-2018»-дің қола белбеуі ресейлік Роман Бобиковте.
Биылғы біріншіліктің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 10 миллионы жеңімпазға тиесілі. 6 миллион екінші, 3 миллион теңге үшінші орын иегеріне табысталды.
Байрақты бәсекені «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрстеті. Жалпы, әлем бойынша жарысты 120 елде 6 миллион адам тамашалады. «Әлем барысы» осымен үшінші мәрте өткізіліп жатыр. 2014 жылы Павлодарда, 2017 жылы EXPO көрмесі кезінде Астанада, биылғы жылы Алматы қаласында ұйымдастырылды.