Алматыда каратэден қалалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда каратэден қалалық турнир өтті

05.11.2018

Алматыда киокушинкай каратэден балалар арасында қалалық турнир өтті. Жарыста 23 команданың намысын қорғап келген 358 үміткер тартысқа түсті.

4 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер түрлі салмақ бойынша бақ сынады. «Жастарға саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан шараның спортқа қызығатын балаларға берері мол», - дейді мамандар. Өйткені, соңғы уақытта елімізде каратэмен шұғылданатындардың саны артқан. Мәселен, қазір 30 мыңға жуық қазақстандық осы спорт түрімен тұрақты түрде айналысып жүр.  

Азамат Манапов, ұйымдастырушы:

- Алматы филилалының киокушинкай каратэден нәтижесі жақсы. Міне, жұмыс істегенімізге 8 жыл болды, 8 жылдың ішінде Еуропа, Еуразия чемпиондары шықты.

 

Аманкелді СЕЙТХАН  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу