Азиада-2018: Алматы әуежайына самбошылар мен су добы құрамасы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада-2018: Алматы әуежайына самбошылар мен су добы құрамасы келді

03.09.2018

Джакарта мен Палембанг қалаларындағы дүбірлі доданың жүлдегерлерін жанкүйерлер айрықша құрметпен қарсы алып жатыр. Бүгін Алматы әуежайына самбошылар мен су добы құрамасы келді.

Су добынан сынға түскен спортшылар алтын жүлдемен оралса, самбошылардың қоржынында екі алтын, үш қола бар. Айта кетейік, самбо спорты Азия ойындарының бағдарламасына биыл алғаш рет енгізіліп отыр. Соған қарамастан, біздің спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Қарсылас шақ келтірмеген Бағлан Ибрагимов пен Ділдаш Құрышбаева жеңістің ең биік сатысынан көрінді. Алматы облысына жалғыз алтын жүлдені сыйлаған алтын қызды Кербұлақ ауданынан арнайы делегация келіп, салтанатты түрде күтіп алды.

Ділдаш Құрышбаева, самбодан Азия ойындарының жеңімпазы:

- Самбо күресі алғаш  рет Азия ойындарына кіріп тұр. Біз бұған жарты жыл мақсат қойып, дайындалдық. Қарсыластар мықты болды.

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.               

Хабарламаларға жазылу