«Қазақстан» телерадиокорпорациясы УЕФА «Ұлттар Лигасының» көрсетілім құқығына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы УЕФА «Ұлттар Лигасының» көрсетілім құқығына ие болды

03.09.2018
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы УЕФА «Ұлттар Лигасының» көрсетілім құқығына ие болды

2018 жылдың 6 қыркүйегінен бастап 20 қарашаға дейін болатын УЕФА Ұлттар Лигасының ең қызықты ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қазақстан құрамалары ойнайтын D Лигасы мен Еуропа А Лигасының: Германия, Англия, Испания, Хорватия, Франция, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Бельгия командаларының матчтарын көрсету құқығына ие болды.

УЕФА Ұлттар Лигасы Еуропада өтетін Ұлттық құрамалар арасындағы футболдық турнир.

Алғашқы ойын 2018 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласындағы «Астана Арена» спорт кешенінде Қазақстан - Грузия құрамаларының ойынынан басталады. Бұл турнирде бірқатар Ұлттық командалар финалдық кезеңге өту мүмкіндігіне ие болып, әр лиганың жеңімпаздары Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар Лигасының өткізілуі туралы шешім алғаш рет 2014 жылы Астанада өткен УЕФА-ның XXXVIII Конгресінде қабылданған болатын.

6 қыркүйекте 20:00-де «Qazsport» телеарнасынан Қазақстан-Грузия командаларының ойынын өткізіп алмаңыздар. Сондай-ақ, матчтарды «Qazaqstan TV» мобильдік қосымшасы арқылы көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу