Азия ойындары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары аяқталды

03.09.2018

Қазақ спортшылары үшін биылғы жылдың басты додасы саналған Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен жазғы Азия ойындары да тарих қойнауына енді. Он алты күн бойы «сары құрлық» назарын өзіне аударған спорттық сында Қазақстан құрама командасы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола жүлде иеленді. Осылайша, жалпы саны 76 медальмен 9 орында тұрақтады. Бұл әрине, біз ойлаған межелеген көрсеткіш емес. Кейбір спорт түрінде өрендеріміз сенімді аяқтай алмаса, енді бірінде төрешілер белден басты. Төрт жыл бұрын Азия ойындарында алты алтын алған қазақ боксшыларына бұл жолы бірді-бір алтын бұйырмай екі күміске қанағат етті. Әйелдер боксында да аруларымыз ешқандай жүлдеге ілінбеді. 69 және 75 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынаған Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл ғана жеңіс тұғырынан көрінді.

С. МАУҒАЗИН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.               

Хабарламаларға жазылу