Ольга Рыпакова Азия ойындарының чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ольга Рыпакова Азия ойындарының чемпионы атанды

30.08.2018

Индонезия елінде өтіп жатқан Азия ойындарында спортшыларымыз бүгінгі мерекеге тамаша тарту жасап, ұлттық құрама қанжығасы бірден екі алтын медальмен толықты. Белгілі спортшы жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш рет қарғып секіруден Азия ойындарының алтын жүлдегері болды.

Ал, каноэ мен байдаркада ескек есу жарысы бойынша 500 метр қашықтықта біздің төрттік бәрінен үздік болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Андрей Дергунов және Евгений Алексеев бұл сында 1 минут 24 секунд уақыт көрсетіп, Корея мен Иран спортшыларынан озып кетті.

Ал, дзюдошы Дидар Хамза 81 келі салмақ дәрежесінде ақтық  белдесуде ирандық Саид Моллаидан айласын асырып, кездесу соңына қарай шидо әдісімен таза жеңіске жетті. Осылайша, Дидар Қазақстан қоржынына 10-шы алтын медальді салды. Әзірге біздің ұлттық құрама 11 «алтын», 11 «күміс» және 38 «қола» медальмен жалпы командалық есепте 10-шы орында тұр.  

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу