Азиаданың алтыншы алтынының иегері - каратэші Гузалия Ғафурова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиаданың алтыншы алтынының иегері - каратэші Гузалия Ғафурова

27.08.2018
Азиаданың алтыншы алтынының иегері - каратэші Гузалия Ғафурова

Қазақстандық каратэші Гузалия Ғафурова ел қоржынына алтыншы алтын медальді салды.

Азия ойындарында 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз финалдық бәсекеде қытайлық Танг Лилингтен басым түсті. 

Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрынғы Азия ойындарында да бұл екі спортшы финалда кездескен болатын. Ол кездесуде де қазақстандық спортшы жеңіске жеткен еді. 

Осылайша Қазақстан құрамасы қоржындағы 42 медальмен (6 алтын, 8 күміс, 28 қола) жалпы есепте 11-ші орында тұр.


Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Хабарламаларға жазылу