Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын түсті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі. Джиу-джитсудан 77 келіде ел намысын қорғаған Руслан Исраилов Азиада чемпионы атанды. Руслан финалдық сында қырғызстандық Нұрсұлтан Әлімқұловты жеңді. Бұл джиу-джитсу шеберлері жеңіп алған екінші алтын. Кеше Дархан Нортаев чемпиондық атақты иеленген еді.
Сондай-ақ, 85 келідегі А.Гаврюлок қола медаль үшін күресте қырғыз спортшысын жеңді.