«Астана Арена» стадионында «Жібек жолы» футбол кубогы өткізіліп, оған қала басшылары мен футбол ардагерлерінің құрамасы қатысты. Бұл жарыс Ресейдегі футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатын қолдауға арналған. Футбол салтанатына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысып, сөз сөйледі. Одан кейін, қала басшылары мен ардагерлер арасындағы тартыс басталды. «Мұндай шаралар мемлекеттік қызметкерлер мен аға буын арасындағы байланысты бекемдеуге, жастарға салауатты өмір салтын насихаттауға сеп болады», - дейді ұйымдастырушылар.
Табиғат Зейнолқабден, «Астана су арнасы» ММ бас директоры:
- Әкімдік қызметкерлері жұмасына екі-үш рет осындай спорт алаңында кездесеміз. Барлығының дайындықтары жоғары.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.