Бас жүлдені Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университеті жеңіп алды. Күміс медаль Қостанай педагогикалық институты ұжымына бұйырса, қола Қарағанды мемлекеттік университеті студенттерінің қанжығасына байланды. Байрақты бәсекеге еліміздің 38 жоғарғы оқу орнынан 2000-ға тарта спортшы қатысты. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Бұған дейінгі Универсиадаларға қатысушылар саны 900-ден асқан емес. Мамандардың айтуынша, Павлодарда өткен жарыс байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын студент жастар қатарының көбейгенін көрсетіп отыр.
Құлтас Достанов, Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының бас маманы:
- Үлкен нәтижелер болды. Сонымен есте қалады. Барлық жарыс бір қалада өтті. Тек биатлон Щучинск қаласында өтті. Жоғары деңгейде болды деп есептейміз. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.
Болат АМАНБАЕВ