Төртжылдықтың басты додасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 57 жолдамаға жеңіп алды.
Олар биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул - 4, фристайл-акробатика - 5, тау шаңғы спорты - 2, трамплиннен секіру - 1, шаңғы спорты - 1.
Алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлоншылар кіреді. Олар 1-ақпанда Пхенчханға келеді деп жоспарланған. 7-ақпанда Олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.
Естеріңізге салайық, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.