«Еуразия барысы». Айбек Нұғымаров Қазақстанның бірінші құрамасына жеңіс сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». Айбек Нұғымаров Қазақстанның бірінші құрамасына жеңіс сыйлады

16.12.2017

Қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирінде Қазақстан құрамасы Моңғолия командасымен кездесті.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде Айбек Нұғымаров моңғолиялық Давааням Алтангерелге қарсы белдесті. Тартысты белдесуде жерлесіміз намысты қолдан бермей, өзінің мықтылығын көрсету арқылы жеңіске жетіп қана қоймай, жалпы есепті теңестірді. Бұл өз кезегінде Қазақстан құрамасына жарыс жолын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, жалпы есеп тең болған жағдайда, аса ауыр салмақта қай елдің палуаны жеңіске жетсе, сол елге жеңіс бұйырады.

Хабарламаларға жазылу