«Еуразия барысы». Бақдәулет Сәбитов-Миагмардорж Бадгерел жұбында моңғолиялық палуан жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». Бақдәулет Сәбитов-Миагмардорж Бадгерел жұбында моңғолиялық палуан жеңді

16.12.2017

66 келі салмақ дәрежесінде белдесетін Бақдәулет Сәбитов Моңғолияның намысын қорғап келген Миагмардорж Бадгерелмен белдесті. Екі палуан да жекпе-жектің орта шеніне дейін бір-біріне есе жібермеді. Жарыс екі палуанның қоржынындағы екі бүк ұпаймен аяқталды.

Ал, қоян-қолтық белдесуде бас таған әдісіне Бақдәулет Сәбитов өзі түсіп қалды. Жеңіс моңғолиялық палуанда кетті.

Айта кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу