«Еуразия барысы». Ержан Мағауинов 1,5 минут ішінде таза жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». Ержан Мағауинов 1,5 минут ішінде таза жеңіске жетті

16.12.2017
«Еуразия барысы». Ержан Мағауинов 1,5 минут ішінде таза жеңіске жетті

Дәл қазір «Алматы арена» спорт кешенінде қазақ күресінен осымен бесінші рет ұйымдастырылып  отырған «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтуде.

Алматы қаласының құрамасы мен Грузия командасы арасындағы кездесуде 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін палуандар күш сынасты. Боз кілемге өзара кім мықтыны анықтауға алматылық Ержан Мағауинов пен грузиялық Иракли Купатадзе шықты.

Тартысты белдесуде кездесудің алғашқы секундтарынан ширақ қимылдап, 1,5 минуттың ішінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, жалпы есеп әзірге Алматы құрама командасының пайдасына 2:0 болды.

Еске сала кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу