Талдықорғанда тұңғыш рет «Patriot Qazaqstan» реалити-шоуы ұйымдастырылып, оның жеңімпазы Америка Құрама Штаттарына жолдама алды. Елбасының «Рухани жаңғыру-Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында өткен бокс бәсекесіне 16 спортшы қатысты. Ақтық додада ұпай санымен Мирас Ертанов жеңіске жетті. Жоба жеңімпазы Лас-Вегас қаласындағы Фредди Роучтың бокс залына барып, атақты боксшылар мен жаттықтырушылардан тәлім-тәрбие алатын болды. Ел аумағында алғаш ұйымдастырылған бәсеке ауыл жастарының үлкен рингке шығуына мүмкіндік берді. Арман-мақсаттарының орындалуына жол ашты.
Рустам Алпысбаев, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы:
- Салауатты өмір салтын насихаттай алатын жастарды, қарапайым ауылдың азаматтарын сол жаққа жіберіп отырмыз. Соның үздігі жаңа ғана анықталды. Қаратал ауданының тумасы. Бұл жоба ары қарай жалғасады деген ойдамыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ