Регбиден әскерилер арасында жарыс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Регбиден әскерилер арасында жарыс басталды

13.10.2017

Регбиден Қазақстан чемпионатына биыл Ұлттық ұланның сапынан арнайы әскери команда қатыспақ.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаштағы 28/237 әскери бөлімінде әскерилер арасында Регбиден жарыс басталды. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған біріншілікке  «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік», «Орталық» өңірлік әскери қолбасшылығымен қатар, Әскери институт пен «Астана» командалары қатысуда. Мамандар, сарбаздарды шыңдауда регби спортының рөлі зор, - дейді. Сондықтан, 2016 жылдан бастап Олимпиада бағдарламасына енген спортты дамыту керектігін айтады.

Ерлан Бәйімбетов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Дене шынықтыру және спорт бастығы:

 - Біздің әскери қызметшілерге ең керек спорт деп ойлаймын. Не дегенімен бұл жақта жекпе-жек ұрысының чемпиондары, самбоның чемпиондары, дзюдоның чемпиондары әр түрлі күреспен айналысып жүрген балалардың барлығы осы регбида ойнайды.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу